USD
USD
USD

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққа ер адамның ісі: Мәйітке эксгумация жасалды

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамды дүр сілкіндірді. Артынша, ер адам қамалған болатын. 

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Күдіктінің келіншегіне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылының тұрғыны, Есіркеп Сәдібекұлы Садақбаев 2025 жылдың 2-нен 3-ші қыркүйегіне қараған түні көз жұмған.

– Туыстары дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер тарапынан қайтыс болу туралы анықтама берілмеген. Қазір мәйітке эксгумация жасалып, сараптама жүргізіліп жатыр. Қорытындысы шыққан соң қосымша мәлімет ұсынылады, - делінген Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратта.

Дәрігерлер нақты өлім себебін сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана хабарлайтын болады.

Марқұм тірі кезінде «I11» және «M42» диагнозымен динамикалық бақылауда болған. Дене жарақаттары бойынша медициналық көмекке жүгінбеген әрі шағым түсірмеген.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық