Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға сотталды

Түркістан облысында әкесін ұрып-соқты деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа үкім шықты. 

Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Астана, NEGE. Облыстық соттың хабарлауынша, Алмас Садақбаев Қылмыстық кодекстің қинау және денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру баптарымен кінәлі деп танылды.

«Сотталушы Садақбаев 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген.

Сотталушының кінәсі өзінің түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейне материалдармен, сондай-ақ сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен толық дәлелденді», – делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыны 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот жаза тағайындау кезінде оның бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындағанын және кәмелетке толмаған балаларының болуын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерген.

«Сот үкімімен Садақбаевқа түпкілікті жаза ретінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – дейді сот өкілдері. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат