USD
USD
USD

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірген күдікті қолға түсті

Түркістан облысында полиция 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірді деген күдікпен ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде он үш жылдан кейін қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында қолға түсірді. Күдікті қамауға алынды.

Анықталғандай күдікті 2011 жылы мотоциклмен Жетісай қаласының тұрғынына яғни валюта айырбастаумен айналысқан ер азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, оны өлтіріп, содан кейін қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, қашып кеткен. Сол кезде осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді және полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген.

Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті бұл әрекетін толық мойындады.

Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық