Түркістан облысында 13 жастағы қыз зорлық жасаған адамнан босанып, мектепке бара алмай отыр
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылады.
Алматы, NEGE. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл 2 қала, 5 аудан және 23-ке жуық ауылды, 37 отбасын және 82 нысанды аралап, ауылдарға ерекше назар аударған.
Төлеби ауданында ауыл мектебінде оқитын бір сыныптың төрт оқушысы өзін таяқпен ұрып-соққанын, үйінде жәбір көріп жатқанын айтып шағымданған. Алайда мектеп әкімшілігі, уәкілетті органдар мен психологтар тарапынан назар да, реакция да болған жоқ.Сайрам ауданындағы мектепте бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болды, бірақ денсаулық сақтау қызметі мен психиатрларды тарту сияқты жұмыс атқарылмаған.
«Полиция екі факті бойынша іс қозғап жатыр. Сондай-ақ білім сапасы департаменті хабарламағаны және тиісті шара қолданбағаны үшін мектеп басшылығын жауапқа тартуы керек деп есептеймін», - деп жазды Зәкиева.
Динара Зәкиева Түркістан облысында 13 жасар қыз зорланып, артынша бала туғанын, сондай-ақ тағы бір 15 жасар қыз зорлықшыдан жүкті болғанын мәлімдеді.
«Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармай отыр. Мектеп директорының орынбасары жағдай туралы хабардар болғанына қарамастан, ешқандай шара қолданбаған және жағдайды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеген», — дейді Динара Зәкиева.
Түркістанда мүгедек баланы анасы базарға қалдырып, қайыр сұрауға мәжбүрлеген.Ленгер қаласында 10 бала антисанитарлық және қауіпті жағдайда тұрады. Көршілердің айтуынша, анасы ішімдік ішкен. Бұл отбасында 4 кішкентай бала болса да, қорғаншылық және қамқоршылық органдары бармаған. Балалар жарықсыз, тамақсыз, дымқыл үйде өмір сүріп жатыр.