Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Қапшағай су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Су қоймасы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жоба аясында қызметтік ғимарат жөнделіп, ескі темірбетон плиталары алынып тасталып, бөгет нығайтылады. Сондай-ақ ойықтар мен қуыстар толтырылып, шайылған жерлерді бекіту және бетон тіректерін нығайту көзделген.

Жұмыстар аяқталған соң 4,3 мың гектар егістік алқапқа сапалы су жеткізу мүмкіндігі артады. Сондай-ақ жалпы саны 10 900 адам тұратын төрт елді мекенді ауыз сумен қамтуға мүмкіндік туады.

«2023 жылы еліміздегі барлық гидротехникалық нысанға түгендеу жүргізілгеннен кейін су шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар жасалды. Онда 160-тан астам іс-шара қарастырылған. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жұмыстары бар. Оған қоса, министрлік 1,3 млн адамды ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2,5 мың шақырымнан астам су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, 9 облыста 31 жоба жүзеге асырылуда»,

– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазір оқып жатыр

Астанада ер адам темекі тұтатқан сіріңкесін лақтырып, тұрақта тұрған көлікті өртеп жіберген

Көлік өрті

Блогер Қайсар Камза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізіліп жатыр

Қайсар Қамза

FIFA 4,2 млрд долларлық жобаға байланысты кешірім сұрады

Джанни Инфантино

Теледебат кезінде депутаттыққа кандидатқа Ленин туралы сұрақ қойылды

Бейбіт Құсайынов