USD
USD
USD

Түркістан облысында 10 айлық бала ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып кеткен

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Онда ер адам, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргені туралы хабарлады. Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.

Белгілі болғандай анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық