USD
USD
USD

Түркістан облысына Оңтүстік Кореядан Вусонг университетінің өкілдері келді

Ясауи университетіне Оңтүстік Кореядан Вусонг университетінің өкілдері келді.

Ясауи университеті
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан облысында Оңтүстік Кореялық Вусонг университетінің филиалы ашылмақ. Айтулы университетте инженерия, киберқауіпсіздік салалары оқытылады. Университетімізге келген өкілдер облыстағы жоғары оқу орындарымен танысып, зерттеуде.

Қонақтар қатарында Вусонг білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюн, Атқарушы және стратегиялық жоспарлау директоры Ким Тэ Хан, Вусонг білім беру қорының Қазақстан Республикасымен стратегиялық жоспарлау басшысы Ли Ю Тек, Стратегиялық жоспарлау кафедрасының меңгерушісі және профессоры Чжонг Йонхва және өзге де өкілдері бар.

Ясауи университеті
Фото: Ясауи университеті

Университетіміздің Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева мен Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов Вусонг университетінің өкілдеріне оқу ордамызды таныстырып, ақпарат берді. Қазақстан мен Түркия Республикасының ынтымақтастығы негізінде құрылған, еліміздегі тұңғыш Халықаралық статусқа ие болған оқу орданың білім беру бағдарламалары жайлы баяндады. Оқу ордамыздың жастарға ұсынар мол мүмкіндіктерін атады.

Жиын соңында Вусонг университетінің өкілдеріне ботаникалық бақ өнімдерінен дәм ұсынып, сый-сияпаттар табысталды. Оңтүстік Кореялық ғалымдар қонақжайлық танытқан университетіміздің басшылығына ризашылықтарын білдірді. Қос жоғары оқу орны жастарға сапалы білім беру жолында бір-біріне сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек