USD
USD
USD

Түркістан: Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд. теңге мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысында білім саласында қолды болған 1,5 млрд теңге қаржы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

теңге
Фото: ғаламтордан

Түркістан, NEGE. Бүгінде облыстық білім басқармасының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілген.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге өндіріліп, олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд. теңгелік мүлкіне тыйым салынды.

«Бүгінгі күні Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді. Оның ішінде ең көп өндірілген аудандарға Жетісай, Бәйдібек және Мақтаарал аудандары кіреді. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен табылған 3 млрд-қа жуық мүліктерге тыйым салынды», - деді Облыс прокуратурасының басқарма аға прокуроры Мейіржан Мамыров. 

Қазір оқып жатыр

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек

ММА-ден әлем чемпионы Зейнеп Оразхан допинг үшін алтынынан айырылып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Зейнеп Оразхан

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры