USD
USD
USD

Түрколог студенттер құрылтайы өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен алғаш рет өткізіліп жатқан «Тұңғыш түрколог студенттер құрылтайы» басталды. Бұл туралы Түркі академиясы хабарлайды.

Түрколог студенттер құрылтайы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркі әлемінің танымал ғалымдары бас қосқан шараның салтанатты ашылуына Академия басшысы Дархан Қыдырәлі арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, тұңғыш құрылтай жұмысына сәттілік тіледі. Қыркүйек айының 4-5 күндері аралығында өтетін аталған онлайн құрылтайда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің түркология мамандығында оқитын студенттер түркі халықтарының фольклоры, әдебиеті, тіл білімі және дәстүрі бағыттарында баяндама жасап, пікір алмасады. Айта кету керек, мамыр айының аяғында Халықаралық Түркі академиясы Түркітану кафедраларының кеңесін құрып, алғашқы жиынын өткізген еді. Онлайн форматта өткен жиында түркі тілдес елдердің Тіл білім институттары мен танымал университеттеріндегі түркология кафедраларының меңгерушілері қатысып, қазіргі түркология саласы бойынша білім беру процесіндегі мәселелерді талқылаған болатын. Аталған тұңғыш құрылтай сол жиында қабылданған шешімдердің жүзеге аса бастағанының көрінісі.

Қазір оқып жатыр

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

депорация

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Танакөз Толқынқызы

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі