USD
USD
USD

Түркіменстанда қазақстандық блогер ұсталды

Түркіменстанда «Еуро одақ» лақап атымен танымал қазақстандық блогер Ерхат Құсайынов ұсталды.

Еуро одақ
Фото: инстаграмнан

Алматы, NEGE. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.

Блогердің Instagram парақшасынан оның саяхаттап жүргені белгілі болды. «Еуро одақ» Алматыдан Абу-Дабиге автостоппен баруды жоспарлаған. Ол кейінгі жазбасын, Самарқанда түскен суретін 17 қарашада жариялаған.

Жазбаның астында блогердің достары мен жазылушылары дабыл қағып, «Қайдасың?» деп сұрақ қойып жатыр.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Құсайыновтың ұсталуына қатысты түсінік берді.

«Оны түрікмен шекарашылары өзбек-түрікмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ұстады. Біздің елшілігіміз бұл мәселеге қатысты, консул ұсталған азаматпен кездесуді сұрады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.