USD
USD
USD

Түрікменстан ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімге қосылу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Түрікменстан 2017 жылы қабылданған Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қосылу мүмкіндігін зерделеуде. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Рашид Мередов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды TDH.

Түрәкменстан
Фото: TRT Avaz

АЛМАТЫ, NEGE. Министрдің айтуынша, қауіпсіздік саласында халықаралық ұйымдармен әріптестікті күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныс ел президенті Сердар Бердімұхамедовтің қарауына енгізілген. Соның ішінде 2021 жылы күшіне енген ядролық қаруға толық тыйым салу туралы шартқа қосылу мәселесі бар.

Аталған шартқа қазіргі таңда 94 мемлекет қосылған.

Рашид Мередов Түрікменстанның бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамаларды тұрақты түрде қолдап келе жатқанын атап өтті. Ел 1994 жылы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа, 1998 жылы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа және 2006 жылы Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп танитын шартқа қосылған.

Сонымен қатар Түрікменстан 2026 жылы Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үйлестірушілері үшін ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарт ұйымының аймақтық семинарын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, ел аумағында орналасқан ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарттың Халықаралық мониторинг жүйесіне қарасты сейсмологиялық станция жұмысының тиімділігін арттыру және МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты нығайту мәселелері де күн тәртібінде тұр.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер