USD
USD
USD

Түркияның өрттен зардап шеккен өңірлері апат аймақтары деп жарияланды

Түркия президенті режеп Тайып Ердоған орман өрттерінен зардап шеккен ел өңірлерін апат аймақтары деп жариялады.

Түркияның өрттен зардап шеккен өңірлері апат аймақтары деп жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Түркияда бірнеше күннен бері орман өрттері өршіп тұр. Өрт сөндіру қызметтерінің күшімен Түркияда 98 орман өрті ошағының 88-і ауыздықталды. Бұл туралы сенбі күні елдің орман және ауыл шаруашылығы министрі Бекір Пакдемирли мәлім етті.

«28-31 шілде аралығында Түркия аумағында 98 орман өрті тіркелді, олардың 88-і өшірілді. 10 ауданда өртті сөндіру белсенді түрде жүргізілуде», - деп хабарлады министр.

Министр атап өткендей, оның біреуі Адана провинциясында, үшеуі Антальяда, үшеуі Мерсинде, екеуі Мұғлада, біреуі Османияда. Орман өрттерін сөндіруге 45 тікұшақ, 6 ұшақ, мыңдаған өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус