USD
USD
USD

Түркияның оңтүстігіндегі орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Түркияның оңтүстігіндегі орман өртіне қатысты күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түрік басшысының айтуынша, алапат өртке «Күрдістанның жұмыс партиясының» қатысы да болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, шілденің 28-сінде Анталияның Манавгат ауданында өрт шығып, кейін ол басқа аудандарға тарап кеткен еді. Осыған байланысты өрттен жапа шеккен өңірлер апат аймағы деп жарияланды. Айта кетейік, бүгінге дейін өрт ошақтарының басым бөлігі сөндірілді.

Pежеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Миластағы өртке байланысты бір адам ұсталды. Осыған дейін айтып келгенімдей, террорлық ұйым басшыларының ормандарды өртеу туралы тапсырмаларынан кейін от шалған алқаптардың аумағы 2 есеге артып кетті. Түнеугүні болған өрттің кейбірі дәл осындай бұйрықпен жасалған болуы мүмкін деген де күдік бар. Сондықтан біз кінәлілерді мейлінше тезірек анықтап, тиісті жазасын беруіміз қажет.

Қазір оқып жатыр

Жалғыз баспанасы мен автокөлігі барлар мемлекеттік қолдаудан қағылмай ма?

Алматы жастары

12 жылға сотталған экс-әкім мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Кәрім Көкрекбаев

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Әлі көзін ашқан жоқ»: Жамбыл облысында оқушы бала «сходқа» кешіккені үшін соққыға жығылып, ес-түссіз жатыр

Асылбек