USD
USD
USD

Түркияның Bayraktar ұшағы немен ерекшеленеді?

Ұшқышсыз басқарылатын Bayraktar TB3 жаңа аппараты әуеде басқаларына қарағанда ұзағырақ уақыт – 50 сағатқа дейін ұша алады.

Түркияның Bayraktar ұшағы немен ерекшеленеді?
Фото: NEGE.kz

Сейсенбі күні T3 қорының басшысы Сельджук Байрактар Баку қаласында тілшілерге жаңа ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың шығарылуы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта қысқа ұшу-қону жолақтарында ұшып-қонатын Bayraktar TB-3 прототипін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Bayraktar TB3 алғашқы ұшуын 2022 жылдың басында жасайды деп үміттенеміз», – деді Байрактар.

Оның айтуынша, жаңа Bayraktar TB3 ұшқышсыз ұшатын аппараттарын әзірлеуге Әзірбайжанның мамандары да қатысуда.

T3 қорының басшысы Bayraktar TB-2-ні өз класындағы ең үздігі деп атады.

«Қарабақты азат ету үшін жүргізілген соғыстың қорытындысы бойынша Түркияда жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарына қызығушылық күрт артты. Бұл ұшқышсыз ұшу аппараттары ұрыс даласында ғана емес, өртті сөндіруге, жер сілкінісінің салдарын жоюға да көмектесе алады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай