USD
USD
USD

Түркияның 31 провинциясында коменданттық сағат жарияланды

Пандемияға байланысты Түркияның 31 провинциясының азаматтары екі күн бойы көшеге шыға алмайтын болды.

Түркияның 31 провинциясында коменданттық сағат жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұрғындар сенбі және жексенбі күнгі қолайлы күн райын пайдаланып, саябақтар мен демалыс орындарына ағылушы еді. Соның алдын алу үшін ел үкіметі осындай қадамға барып отыр. Ішкі істер министрінің мәлімдемесіне сай,  48 сағат ішінде шаһарларда тек қана наубайхана, дәріхана мен су тасымалдаушы фирмалар қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ететін сала қызметкерлері жұмысын жалғастырады.

Жалпы, елде қауіпті індетке шалдыққандар саны 47 мыңнан асып, көз жұмғандар саны мыңға жетті. 1667 азаматтың жағдайы ауыр.  Жақсы жаңалық та жоқ емес. Соңғы мәлімет бойынша, елде 2423 кісі қауіпті дерттен жазылып шыққан. Бүгінде елде 300 мыңнан астам адамға сынама жасалған. Айта кетерлігі, Түркияда төтенше жағдай жарияланбаған. Дегенімен, қауіпсіздік шаралары төтенше жағдайға жете қабыл деңгейде. Еске сала кетейік, бұған дейін 31 провинцияда қалааралық көлік қатынасы тоқтады.

Қазір оқып жатыр

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна