USD
USD
USD

Түркияның 15 провинциясында төрт күндік коменданттық сағат жарияланды

Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай тәуірлеу. Мұнда коронавирустан көз жұмғандар саны азырақ, деп хабарлайды «Хабар 24». Анадолы елі «індет таралуының шарықтау шегінен өттік» деп отыр.

Түркияның 15 провинциясында төрт күндік коменданттық сағат жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы ақпар бойынша елде COVID-19-ға шалдыққандар 146 мыңнан асып, 4055 адам көз жұмған. Түркияда демалыс күндеріндегі коменданттық сағаттың жарияланғанына 1 айдан асыпты. Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті. 11 мамырдан бастап кейбір кәсіпорындар жұмысын бастады. Дегенмен, бірқатар сақтық шараларын әлі қатаң ұстап отыр. Мысалы, сенбі-жексенбі күндері көшеге шығуға тыйым салынған. Үкімет «дәл осы шара арқылы COVID-19-дың арынын бәсеңдеттік» деп есептейді.

15 провинцияда бүгінен бастап төрт күндік коменданттық сағат жарияланды. Әдетте ел сыртқа шықпауға арналған шектеу шараларын сенбі және жексенбі күндері енгізетін. Бұл жолы арнайы үдеріс 96 сағатты құрап отыр. Себебі, 19 мамыр елде ресми мереке. Жастар және спорт күні әрі Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу күні. Осыған байланысты ел билігі демалысқа дүйсенбіні де қосты. Шектеу шаралары енгізілген шаһарлардың қатарында Анкара мен Ыстамбұл да бар. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 16-17 мамыр күндері азық-түлік дүкендері мен барлық деңгейдегі сауда орындары жабық. Тек наубайханалар мен су тасымалдайтын орындар ғана қызмет көрсетеді. Ал, 18-19 мамырда жаңа ғана атап өткен дүкендер 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерге сәйкес жексенбі күні сағат 12:00-18:00 арасында 65 жастан асқандардың көшеге шығуына рұқсат етілді.

Айта кетерлігі, түрік билігі қарттарды ел азаматтарының тысқа шығуына тыйым салынған уақытта шығарып отыр. Өйткені көшеде ешкім жоқ кезде егде жастағыларға қауіпті індеттің жұғу ықтималы да төмендейді. Анадолы жерінде сенбі-жексенбі күндеріне арналған коменданттық сағат осымен 6-шы апта енгізіліп отыр. Халық та тәртіпті мүлтіксіз орындауға тырысады. Ережеге бағынбағандарға жаза қатаң. 3191 лираға дейін айыппұл төлейді. Ұлттық валютамызға шаққанда бұл мөлшер 195 мыңға жуық. Мысалы, кешегі тәуліктің өзінде арақашықтық пен 20 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығу шектеуін бұзған 4368 адам жауапқа тартылыпты. Мысалы, Ыстамбұл мен Анкараның өзінде 21 миллионнан астам адам тұрады. 

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.