USD
USD
USD

Түркияның 11-ші президенті Қазақстандағы реформаларға қолдау білдірді

Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл Қазақстандағы реформаларға қолдау білдірді.

Түркияның 11-ші президенті Қазақстандағы реформаларға қолдау білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркияның саяси өмірінде ұзақ жылдар бойы премьер-министр, сыртқы істер министрі және президент болып қызмет атқарған А. Гүл Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлетін. Елімізде болып жатқан ауқымды өзгерістерді оң бағалайтынын атап өткен түрік мемлекеттік қайраткері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үлкен тәжірибесі мен халықаралық аренадағы жоғары беделінің жаңару үдерісінде шешуші роль ойнап отырғанын тілге тиек етті.

Президент Қ. Тоқаев экономикалық дамумен қатар құқықтық мемлекетті күшейтуге, әділ саяси жүйе қалыптастыруға үлкен мән беретініне назар аударған А. Гүл еліміздің бұл тұрғыдағы жетістіктерін қуанышпен қабылдап отырғанын айтты. Оның пікірінше, қазіргі таңда Қазақстан саяси жаңғыру және әділетті қоғам қалыптастыру мәселесінде Түркі әлеміндегі елдер арасында ерекшеленіп, алға шығып отыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе