USD
USD
USD

Түркияның трансвеститтер клубына барған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан шығарылды

Педагогтар шетелде жүріп, бірнеше мәрте трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап еткен, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Клуб
Фото: agoda.com

Алматы, NEGE. Бейәдеп қылық көрсеткен Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері. Шет тілін меңгерген мамандар Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігін ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарған. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата-аналардың наразылығын тудырған. Қарамағындағы қызметкерлердің мұндай әрекетке барғандығы мектеп басшылығын да есеңгіретіп тастаған көрінеді.

"Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің "магистр" атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды", - деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер