USD
USD
USD

Түркиялықтарға көмектесу үшін Қазақстанда $10 млн астам қаражат жиналды

Бүгінгі таңда Қазақстанда Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін ашылған шотқа шамамен 10 миллион доллар (188,7 миллион түрік лирасы) түсті. Барлық қаражат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасына (AFAD) аударылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркиялықтарға көмектесу үшін Қазақстанда $10 млн астам қаражат жиналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов қорынан қайырымдылық шотына 5 млн доллар сомасы түскен.

«Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін 5 миллион доллар аударған Өтемұратов қорына алғысымызды білдіреміз. Осылайша, Қазақстанда AFAD-қа аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те - 7,6 балл).

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 44,2 мыңнан асты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда табиғи апат құрбандары үшін Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар