USD
USD
USD

Түркиялық спортшы әлемдік рекорд орнатты

Түркиялық фридайвер Шахика Эржүмен Антальяның Каш ауданында теңізге 100 метр тереңге сүңгіп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркиялық спортшы әлемдік рекорд орнатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркиялық спортшының сүңгуін Шабан өңірінің басшысы Арда Языджы мен Каш муниципалитетінің басшысы Мутлу Улуташ бақылап тұрды. Спортшы 100 метр тереңге ескекаяқ пен түтікшесіз 2 минут 53 секунд түсіп шықты.

Оның айтуынша, ол өз жеңісін Түркия Республикасы мен Қарулы күштерінің 98 жылдығына арнаған.

«Мен тереңге сүңги алғаным үшін қуанып тұрмын. Осы әлемдік рекорд арқылы жұртшылықтың назарын климаттық кризис, жаһандық жылыну және гендерлік теңдік сияқты мәселелерге назар аударғым келді», – деді Эржүмен.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова