USD
USD
USD

Түркияға барған қазақстандық құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан құтқарушыларға ақшалай сыйақы беру бастамасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркияға барған қазақстандық құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды. Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын», - деп жауап берді Юрий Ильин БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұл ретте министр ведомство қызметкерлерінің жалақысы өсетінін атап өтті.

«Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бізде жалақы өсіп жатыр. Басшылық құрамның еңбекақысы төменгі мөлшермен өсетін болса, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70%-ға дейін ұлғаяды. Қызметкер алғашқы кезеңде шамамен 110 мың теңге алады. Енді олар 179-180 мың теңге көлемінде алады деп үміттенеміз», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп