USD
USD
USD

Түркиядан ұшып келген 102 азаматтан коронавирус табылмады

Бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz агенттігі. 

Түркиядан ұшып келген 102 азаматтан коронавирус табылмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Құрметті Павлодар обысы тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты кеше Павлодарға Түркиядан 102 Қазақстан азаматы келді. Барлығы карантиндік госпитальда оқшауланды, олардың ішінде Павлодар облысы мен шекаралас облыстардың тұрғындары да бар», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов.

Сонымен қатар Біржан Досмаилов барлығына сараптама жасалып, олардың нәтижесі бүгін белгілі болғанын мәлім етті. «Қуанышымызға қарай, отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Қайталап айтамын, барлығының дені сау. Және де бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады. Өзіңіз бен отбасыңызға қорған болыңыз», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

 

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu