Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан көліктегі 22 тонна жүк жанып кетті

Атырау облысында Түркиядан Қырғызстанға бара жатқаншетелдік көліктің тіркемесі өртеніп, 22 тонна жүгі жанып кетті.

Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан көліктегі 22 тонна жүк жанып кетті
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында болған. «31 тамызда жергілікті уақытпен сағат 03:00 шамасында «Астрахань-Атырау» жолының бойында шетелдік «MAN» көлігінің тіркемесі өртенді. Көлік жүргізушісі Түркия азаматының айтуынша, тіркемеге 22 тонна мақта рулоны тиелген.

Жүкті Түркиядан Қырғызстанға апара жатқан. Өртті сөндіруге Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Шетелдік көліктің тіркемесіндегі жүк толығымен жанып кеткен. Ал көлік кабинасы бүлінген жоқ. Өрттен ешкім зардап шекпеді. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда шетелдік көлік өртенген еді.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант