USD
USD
USD

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды  

Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Елге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ретінде бұрынғы күйеуі ұсталды

Пышақ жарақаты

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы