USD
USD
USD

Түркияда жантүршігерлік апаттан 14 адам көз жұмды

 Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир провинциясында автобус апатынан 14 адам қаза тапты.

Түркияда жантүршігерлік апаттан 14 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы жексенбі күні Anadolu Ajansı агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, 11 адам оқиға орнында көз жұмған, ауруханаға жеткізілген үш адамды да аман алып қалу мүмкін болмаған. 

«Бүгін 4.40-та Балыкесир – Эдремит рейсін орындаған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Балыкесир маңында аударылды. Он бір адам оқиға орнында мерт болды, үш жолаушы ауруханада көз жұмды. 18 адам жараланды, олар бес ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады жергілікті билік. Оқиғаға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы