Түркияда вирус жұқтырғандар көбейді
Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.
Алматы, NEGE. Түркияда коронавирустың күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Жаңа тәртіпке сай тұрғындардың демалыс күндері таңғы сағат 10-нан кешкі 8-ге дейін көшеге шығуына тыйым салынады. Сауда орталықтары мен дүкендердің жұмыс уақыты шектелді. Мейрамхана мен дәмханалар тек тамақты өзімен алып кету қызметі бойынша ғана жұмыс істейді. Оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуы жыл соңына дейін ұзартылды. Кинотеатрлар жабылып, спорттық шаралар көрерменсіз өтеді. Індет ең көп тараған Ыстамбұлда мұражай мен өнер орталықтары, бассейндер жабылады. Түркияда осы уақытқа дейін 420 мыңнан аса адам вирусты жұқтырған.
Түркия президенті Режеп Ердоған: "Елде вирусты жұқтырғандар мен өлім-жітім көрсеткіші қауіпті деңгейге жетті. Сондықтан аса сақ болу керек. Маска тағып, гигиеналық тазалық пен әлеуметтік арақашықтықты сақтасақ, вирусқа төтеп береміз деп сенемін. Әйтпесе ел экономикасына ауыр тиетін шараларды қабылдауға тура келеді" деді.
Ал Словакияда керісінше, карантин шараларына қарсы шеру өтті. Братислава қаласында бірнеше мың адам үкіметтің халықты жаппай тесттілеу енгізуіне наразы. Себебі ел аумағында осы тексерістен өтіп, вирусты жұқтырмағаны расталған адамдардың ғана еркін жүріп тұруына рұқсат етілген. Тестілеуден бас тартқан азаматтар үйлерінен тек дүкен мен дәріханаға бару үшін ғана шыға алады.