USD
USD
USD

Түркияда үйінді астында бір апта жатқан 3 жасар бала құтқарылды (видео)

Түркияда құтқару жұмыстары жалғасуда. Жер сілкінісінен бір аптадан кейін Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің құтқарушылары қираған көпқабатты тұрғын үйдің қирандылары астынан тірі адамдарды тауып, құтқарып жатыр. 

Түркияда үйінді астында бір апта жатқан 3 жасар бала құтқарылды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кахраманмараш қаласының Оникисубат ауданында көп сағатқа созылған іздестіру-құтқару жұмыстарынан кейін тәжік құтқарушылары үйінді астындағы адамдарды іздеуге арналған арнайы техниканың көмегімен үш жасар Явуз есімді баланы тауып алып шықты.

Ол 158 сағат үйінді астында жатқан. Құтқарушылар баланы қорқытып алмау үшін құрал-жабдықтарды сөндіріп, оған қарай ақырын жорғалап жеткен. 

Үйінді жанын қоршаған адамдар баланы қуана қарсы алып, жедел жәрдемге дейін шығарып салды.

Жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар қаза тапқан 78 адамның денесін шығарды.

Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті