USD
USD
USD

Түркияда үйінді астынан 6 адам аман шықты

 Хатайда 296 сағаттан кейін бір отбасынан 3 кісі аман табылды.

 Түркияда үйінді астынан 6 адам аман шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үйінділерді аршыған Қырғыз республикасының құтқарушылары осы адамдардың жатқан жерін анықтап, үшеуін де сыртқа шығарған. Ерлі-зайыптылар мен 12 жасар ұлы ауруханаға жеткізілді. Алайда жеткіншек медициналық көмекке қарамастан көз жұмды. Жалпы, кеше Хатай өңірінде үйінділер астынан 6 адам дін аман табылды. Сарапшылардың айтуынша, жер сілкінісінен кейінгі алғашқы 24 сағат өте маңызды. Әдетте аман қалғандардың көбі осы мерзімде табылады.

Дегенмен 2010 жылы Гаитиде болған жер сілкінісінен соң 15 тәулік өткенде жасөспірім қыз құтқарылған болатын. Сондықтан мамандар үміт үзбей, әлі де іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ресми мәлімет бойынша, Түркияда зілзаладан 39 672 адам опат болды. Алайда құрбан болғандардың саны әлі де өсетін түрі бар, өйткені 264 мың пәтер қирап, көптеген адам жоғалып кетті. Ал көршілес Сирияда 5800-ден аса адам бақиға өткен.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар