USD
USD
USD

Түркияда сел мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны артты

Соңғы мәлімет бойынша табиғи апаттан 6 адам опат болған.

Түркияда сел мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-түзсіз жоғалып кеткен 2 тұрғын әлі табылған жоқ. Аймақта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кеткен жөн, елдің Қара теңіз аумағындағы Ризе провинциясында бірнеше күннен бері жаңбыр толастамай тұр. Нөсер салдарынан лай көшкіні болып, бірқатар үйлер үйіндінің астында қалып қойды. Жүзден астам елді мекенде жолдар жабылды. Ауылшаруашылық өнімдеріне едәуір нұқсан келді. Қазір оқиға орнында жүзден астам құтқару тобы жұмыс жасап жатыр.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Шығыс Қара теңіз аймағында осындай табиғи апаттар жиі болады. Өйткені аумақ еліміздің ең көп жауын-шашын түсетін жері. Оның үстіне Ризе халқының басым бөлігі шай өсіреді. Шай өсімдігінің ерекшелігі сол, топырақ балшыққа айналады. Оның тамыры терең болмағандықтан төменге жылжи береді. Бұрын егін алқаптарының арасында ағаштар болатын. Осындай жағдайлардың қайталанбау үшін бар күшімізді жұмылдырамыз.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park