USD
USD
USD

Түркияда нанды «өрмекші адам» тасиды

Анталияның дүкенге баруы қиындаған зейнеткерлеріне «өрмекші адам» азық-түлік жеткізеді. Ол есіктен кірмей, дәл фильм кейіпкеріндей балконмен өрмелеп, әкелген дүниесін терезеден береді.

Түркияда нанды «өрмекші адам» тасиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Anadolu агенттігінің ақпарына сілтеме жасап, iz.ru хабарлады.

Бурак Сойлу есімді 27 жастағы жігіт Анталия тұрғындары мен осы қалаға жиі келетін туристтерге төрт жылдан бері таныс. Бала кезінде би үйірмесіне барған ол мектеп бітіргеннен кейін өзі ерекше ұнатқан «Өрмекші адамға» еліктеген. Соның костюмімен көшеде қызықты шоулар ұйымдастырған. Оның трюктарына таңдана қарап, «өрмекші адаммен» суретке түсуге ынталы жұртта есеп болмапты.

«Өрмекші адам бүгін нан мен сүт алып келді. Оған үлкен рахмет! Біз өз кейіпкерімізді жақсы көреміз. Індетті жеңу үшін барлығы біз сияқты үйде отыруы керек. Мемлекет қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алла Тағала медицина қызметкерлеріне күш-қуат берсін», - депті 80 жастағы зейнеткер Балджи Шукри.

Ал «Өмекшінің» өзі: «Менің ерекше қабілетім қоғамға пайдалы. Адамдарға жәрдем берген сайын жаным рахатқа бөленеді» деген екен Anadolu агенттігіне.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет