USD
USD
USD

Түркияда қазақтар көкпардан чемпион атанды

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында

Түркияда қазақтар көкпардан чемпион атанды
Фото: NEGE.kz

отандық спортшылар көкпардан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшылар финалда Қырғызстан құрамасымен бас жүлдені сарапқа салды.

Дода өте тартысты өтті. Нәтижесінде қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, ел құрамасы топтық кезеңде Өзбекстанды 8:1, Моңғолияны 12:2 есебімен жеңді.

Аталған құрама сапында Ұлан Байтөреев, Абылайхан Нышанбеков, Құрманбек Тұрғанбек, Ынтымақ Әліпбаев, Құлажан Тоғайбаев, Бақытжан Әзімбай, Дәулет Айтан, Арман Жамалбеков, Есжан Құрманбай, Ислам Рәт, Айнабек Бердіқұл, Әділет Мамыт сынды спортшылар ел намысын абыроймен қорғады.

Сондай-ақ, бүгін көкпардың қырғызстандық нұсқасы саналатын көкбөрү спортынан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары кездеседі.

Оған қоса қазақ күресінен ел құрамасынан ерлерден Мақсат Исағабылов (80 келіден жоғары), Еламан Қойшыбаев (80 келі) бозкілемге шықса, әйелдерде Рауза Нұрмахамметова (55 келі), Зарина Сарипова Зарина (65 келі), Мөлдір Азамат (65 келіден жоғары) жүлделерді сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев