USD
USD
USD

Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан әйел адамды құтқарды

ТЖМ қазақстандық құтқарушылардың түрік әріптестерімен бірге құтқару жұмыстарын жүргізген видеосын жариялады.

Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан әйел адамды құтқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жер сілкінісі салдарынан бүлінген үйлердің конструкцияларын демонтаждау және іздестіру-құтқару жұмыстарының жедел кадрлары. Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген болатын. Өткен тәулікте бірінші топ өте көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеуде.

Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр.

Екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеді, сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды - зардап шеккен әйелді шығарып алды. Осы объектіде құтқарушылар 1 адамның денесін тапты. Қирау орнында күрделі жағдай қалыптасуда.

Құтқарушылар үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздестіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті