USD
USD
USD

Түркияда бірқатар провинцияда сабақ болмайды

  Түркияда кеше алапат дауыл тұрып, елдің есін шығарды.

Түркияда бірқатар провинцияда сабақ болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соған байланысты бірқатар провинцияда мектептер уақытша жабылды. Мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын мүгедектер мен жүкті әйелдер де бұл күндерде жұмыстан босатылды. Ресми мәліметке қарағанда дауыл Ыстамбұл, Сакария, Кожаели, Ялова, Балыкэсир, Чанаккале, Бурса мен Текирдағ қалаларында ойран салған. Тек Ыстамбұлдың өзінде табиғат апатының кесірінен 5 кісі опат болып, 38-і зардап шеккен.

33 тұрғын үйдің шатыры қирап, 200-ге жуық ағаш құлады. Ондаған техника үйінді астында қалып, 3 жүк көлігі аударылып қалған. Жергілікті әкімшілік алдағы күндерде курьерлік қызметтің де уақытша тоқтайтынын хабарлады. Өйткені Ыстамбұл мэрі әлеуметтік парақшасында курьерлік қызметкерлерді Босфор көпірінде қос автобус қоршап, дауылдан қорғап тұрған сәтін жария еткен. Синоптиктер алдағы күндерде елдің оңтүстік батысында дауыл қайта соғатынын ескертіп, аса қажет болмаса тысқа шықпауды ескертті.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі