USD
USD
USD

Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

 Бұған дейін Түркияда бір миллионнан астам адам салдырса, бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі.

Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасын қамтыған бірінші партиясы өткен жылдың аяғында келген болатын. Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды. Содан бері 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдауда. Естеріңізге сала кетейік, Түркияда індет басталғалы бері 24 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 2 жарым миллиондайы коронавирус жұқтырған.

Қазір оқып жатыр

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог