USD
USD
USD

Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Сәрсенбі күні Түркияның орталық бөлігінде болған әскери ұшақ апаты салдарынан ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Түркияның Әуе күштеріне тиесілі NF-5 жойғыш ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 02:15-те Ко́нья қаласының орталығында жаттығу кезінде құлаған. Апаттың себептері белгісіз. Апаттың мән-жайын тергеу басталды. Ұшақ Түркияның әуе күштерінің «Түрік жұлдыздары» әскери ұшқыштар тобына тиесілі делінген. Ұшақ құлаған жерде Қаратай округінің Февзи Чакмак ауданында апаттық бригадалар жұмыс істеуде. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің Twitter аккаунтында қаза тапқан ұшқыштың отбасына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті