USD
USD
USD

Түркияда 27 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

 Түркияда 27 миллионнан астам адам вакциналанды, олардың 12 миллионы вакцинаның екінші дозасын алды.

Түркияда 27 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, елде түрік вакцинасын өндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Денсаулық сақтау бойынша жаһандық саммит қатысушыларына жолдаған бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған Түркия дәрігері марапатталды «Біз мүмкіндігінше өзімізде бар вакциналарды басқа елдермен бөлісуге тырыстық. Түрік вакцинасы дайын бола салысымен біз оны өз азаматтарымызға ғана емес, бүкіл адамзатқа ұсынамыз», - деді Түркия президенті.

Ердоған ДДСҰ-ға мүше ел сол ұйым мақұлдаған вакцинаны қабылдамайтын жағдайдың ешқандай түсіндірмесі жоқ деп мәлімдеді. «Үлкен жиырмалық» (G20) елдері арасында денсаулық сақтау саласындағы озық жетістіктермен алмасу бойынша деректер базасын құру алдағы дағдарыстарға қарсы шаралар қабылдауды жеңілдетеді», - деді ол. Ердоғанның айтуынша, гигиена мен денсаулықты қорғаудың барлық қажетті ережелерін сақтау арқылы халықаралық туризм мен саяхатты қалпына келтіру керек.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер