USD
USD
USD

Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге пәтер беріледі

Түркияда 2023 жылғы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендердің бәріне пәтер беріледі. Бұл туралы президент Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

түркиядағы жер сілкінісі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, аталған азаматтар баспананы жыл соңына дейін алуға тиіс. Кейінгі екі жылда 200 мыңнан астам үй салынған. Алдағы 10 айда тағы 252 мың тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі.

2023 жылы ақпан айында Қаһраманмарашта болған зілзаладан 53 мыңнан аса адам көз жұмып, 107 мың кісі жараланды. 11 провинцияда жүздеген елдімекен жермен жексен болды.

«Қазірге дейін 11 провинцияда апаттан зардап шеккен адамдардың бәріне 201 мың 431 пәтер кілті табысталды. Жалпы биыл жыл соңына дейін зілзала болған аймақтардың тұрғындарына 452 983 үй бермекпіз. Біз қалаларымызды бұрынғыдан да төзімді әрі қауіпсіз етпейінше тынымсыз жұмыс істей береміз», – деді Режеп Тайип Ердоған.

Қазір оқып жатыр

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық

Алматыда жүйіткіген көлік музей алдындағы арт-инсталляцияға соғылды

жол-көлік оқиғасы