USD
USD
USD

Түркияда жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 болған.

Жерасты дүмпуі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Анталияда жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 болған. Тұрғындар әлеуметтік желіде Газипаша ауданында, Лиман мен Алтынқұмда және Аланьяда жерасты дүмпулері сезілді деп хабарлады. 

AFAD мәліметтері бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 22:13-тен 23:32-ге дейін бірнеше жерасты дүмпулері тіркелген. Олардың ішінде 4,8 балдық алғашқы жер сілкінісі басқаларына қарағанда қатты сезілген.

Жер сілкінісі 34 шақырым тереңдікте болған. Жергілікті БАҚ жер сілкінісі кезінде азаматтар мен қонақүй қонақтары сыртқа жүгіргенін жазды.

Анталия әкімшілігінің басшысы Мухитдин Бечек жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол ештеңе қирамағанын және зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала