USD
USD
USD

Түркияда ұсталған Талғат Ардан қазір қайда?

Түркия билігі былтыр ұсталған «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды Қазақстанға экстрадициялау жөнінде әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Nege.kz, ЖИ
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Айбек Нұрахметов Nege.kz порталының ресми сауалына берген жауабында Арданның әлі де Түркия Республикасында қамауда отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 1995 жылғы 15 тамызда жасалған Қазақстан мен Түркия арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және адамдарды беру туралы келісімде экстрадициялау жөніндегі өтінішті қараудың нақты мерзімі көрсетілмеген.

«Түрік тарапы оны беру туралы шешім қабылдамағандықтан, қазіргі уақытта Бас прокуратура тарапынан қылмыстық қудалаудың өзге шаралары қарастырылып отырған жоқ», – деді Айбек Нұрахметов.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астана LRT»-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оны 9 жылға соттады. Сондай-ақ ол «City Transportation Systems» ЖШС пайдасына 85 млрд теңге төлеуге міндеттелді.

2025 жылы Талғат Ардан Анталья қаласында ұсталып, сол жылдың 9 мамырында Анталья соты оны Қазақстанға депортациялау жөнінде шешім қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.