Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркияда термометр бағаны минус 33-ке дейін төмендеді

 Шығыс Анатолияда жаңа жыл ауа райының күрт суытуымен басталды. Бұл туралы azertag.az хабарлады.

аяз
Фото: azertag.az

Алматы, NEGE. 4 қаңтарға қараған түні Эрзурум провинциясының Текман ауданында термометр рекордтық минус 33,1 градусқа дейін төмендеген.

Түркияның метеорологиялық бас басқармасы Эрзурумдағы Гаджиомер ауылын «елдегі соңғы 24 сағаттағы ең суық нүкте» деп жариялады.

Өзендер мен көлдерді мұз басып қалды. Тұрғындарға аса қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес берілді.

Ардахан провинциясының Геле ауданында 28,8 градус аяз, Эрзинджанның Чайырлы ауданында - минус 27,8, Ванның Чалдыран ауданында - минус 26,6, Сарыкамышта (Карс) - минус 22,1 болды.

Метеорологиялық орталықтың хабарлауынша, Түркияның шығысындағы қатты аяз 8 қаңтарға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш