USD
USD
USD

Түркияда «Росатом» салып жатқан АЭС-те жұмысшылар ереуілге шықты: Олардың арасында қазақстандықтар да бар

Түркияда ресейлік «Росатом» тұрғызып жатқан «Ақкую» атом электр станциясы құрылысында 23 шілдеде жұмысшылар ереуілге шықты.

АЭС
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар жалақыны кешіктіргеніне наразылық білдіріп, жақын маңдағы жолды жапты. Оқиға орнына келген түрік полициясы наразыларды тарату үшін су шашты. 

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасының хабарлауынша, ереуілге шыққан жұмысшылардың арасында шамамен 200 қазақстандық бар. Олардың бірі оқиға орнынан видео жолдаған.

«Жұрт машиналарды жібермей бөгеп, келгендердің көліктерін сындырып жатыр. Тас, арматура лақтырып жатыр», – дейді видео авторы.

«Ақкұю» – Түркияда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы. Бұл жоба Ресей мемлекеттік «Росатом» корпорациясының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі