USD
USD
USD

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркия парламентінің Республикалық халық партиясынан сайланған депутаты Айсу Банкоглу елдің Сыртқы істер министрлігінен Астанадағы елшілік кешенінің құрылысына бөлінген 15 млн доллардың қайда жұмсалғаны туралы есеп беруді талап етті.

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты
Фото: dmfgroup.kz

Астана, NEGE. 2007 жылы Yapı Uluslararası İnşaat компаниясымен әкімшілік ғимарат, елшінің резиденциясы және дипломатиялық миссия қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер салу жөнінде келісімшарт жасалған. Бастапқы келісімшарт құны 26,25 млн доллар болған.

«Түркияның Астанадағы елшілігін салуға бөлінген 15 миллион доллардың қайда жұмсалғанына қатысты бірқатар маңызды сұрақ туындап отыр. Мердігер компания нысан құрылысының 96 пайызы аяқталғанын, алайда атқарған жұмысы үшін ақы алмағанын айтып, Сыртқы істер министрлігіне қарсы сотқа талап-арыз берген. Ал министрлік, керісінше, қаражаттың толық төленгенін мәлімдейді», – деді депутат министрге қарата.

Төлем жасалғанын растау үшін, депутаттың мәлімдеуінше, Түркияның Сыртқы істер министрлігі қолма-қол ақша берілгені туралы төрт құжат ұсынған. Алайда Түркияның бұрынғы елшісі Танер Себен мен әкімшілік атташе Бюлент Юксельтюрк бұл құжаттарға қол қойғандарын жоққа шығарған.

Бұған қоса, құжаттардан күндер мен орындалған жұмыс көлеміне қатысты сәйкессіздіктер анықталған.

Сот Сыртқы істер министрлігінен мердігермен есеп айырысу туралы ақпарат беруді міндеттеді.

Айсу Банкоглу сыртқы істер министрінен ақшаның нақты кімге берілгенін түсіндіруді және ішкі тергеу нәтижелерін жариялауды талап етті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп