Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейін халық наразылыққа шықты

19 наурызда Түркияда Ыстамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу қамалды. Оның үйінде тінту жүргізіліп, кейін ол медициналық тексеруден өтіп, сотқа жеткізілді. Сол себепті Ыстамбұл мен елдің басқа қалаларында жаппай наразылық шерулері басталды. 

 Экрем Имамоглу
Фото: dw.com

Алматы, NEGE. Оның алдағы президенттік сайлауда Түркия көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы ретінде сайлауға түспек болғаны белгілі. 

Экрем Имамоглу өзімен бірге ұсталған серіктестерімен тергеу изоляторында 4 күн бойы қамауда болады. Имамоглуға сыбайлас жемқорлық, пара алу және заңсыз келісімдер жасады бойынша айып тағылған.

Экрем Имамоглуның тұтқындалғаннан кейін халық наразылыққа шықты. Құқық қорғау органдары қалалық әкімдік ғимаратын қоршауға алып, бірнеше көшені, сондай-ақ Ыстамбұлдағы Таксимге баратын метро станциялары жауып тастады. Сонымен қатар X, YouTube, TikTok және Instagram әлеуметтік желілеріне шектеу қойылды. 

Наразылық шеруге шыққан халық Экрем Имамоглудың ұсталуын «демократияға жасалған шабуыл» деп бағалады. Оппозиция бұл қадамды саяси қысым деп санаса,  халықаралық қауымдастық жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы