USD
USD
USD

Түркияда Әзірбайжан президентінің бұрынғы оққағары өлі күйінде табылды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің бұрынғы оққағары Махир Мамедов Түркияның батысындағы Айдын қаласында орналасқан Кушадасы курорттық аймағындағы қонақүйде өлі күйінде табылды.

Махир Мамедов
Фото: Түрік басылымдарынан

Алматы, NEGE. Өлімнің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Бұрынғы оққағар Махир Мамедов 50 жасында қайтыс болды.

Махир Мамедов отбасымен Түркияға үш күн бұрын демалысқа келген. Олар бес жұлдызды қонақүйге орналасады. Сол жерде Мамедовтың мәйітін сырттан серуендеп, баласымен бірге бөлмеге оралған әйелі тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын анықтады.

Өлімнің себебі сараптамадан кейін белгілі болады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталды.

Түрік ақпарат құралдары Махир Мамедовтың «біраз уақыт» Илхам Әлиевтің жеке күзетшісі болғанын айтады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов