USD
USD
USD

Түркия желтоқсанда жаппай вакцина салуды бастайды

 Түркия желтоқсан айында вирусқа қарсы жаппай вакцинациялауды бастайды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді.

Түркия желтоқсанда жаппай вакцина салуды бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың «SinoVac» компаниясынан «CoronaVac» екпесінің 5 миллион дозасы сатып алынды. Нәтижесі жақсы. Қазіргі уақытта Түркияның 4 ірі қаласында адамдарға сынаманың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Жаңа жылда тағы 5 миллион данасы алынады. Аталған екпені алдымен арнайы топтағы азаматтар ала алады. Олар егде жастағы кісілер, созылмалы ауру бар азаматтар мен коронавирус майданында алғы шепте жүрген дәрігерлер. Түркия бірнеше отандық вакцинаны да сынақтан өткізіп жатыр. Жергілікті екпе наурыз-сәуір айларында шығарылады. 

  Түркия денсаулық сақтау министрі:Фахреттин Қожа: "Қараша айының аяғында дейін коронавирусқа қарсы вакциналаудың үшінші кезеңіндегі сынақ нәтижелері туралы нақты ақпарат аламыз. Желтоқсан айында шамамен 5 миллион адамға екпе егеміз. Вакцинация қаңтар-ақпан айларында да жалғасатын болады", - деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy