USD
USD
USD

Түркия туристік маусымды ұзартпақ

Түркия биыл туристік маусымды жыл соңына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді.

Түркия туристік маусымды ұзартпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның жоспарына сәйкес, 2021 жылдың соңына дейін Түркияға 35 миллионнан астам турист келеді.

Бұл 2019 жылғы рекорд көрсеткіштің 80 пайызын құрайды. Ол кезде елге 45 миллион адам келген. Егер жоспар орындалса, туристік саланың биылғы кірісі 20 миллиард долларға жетеді.

Мәдениет және туризм министрі пандемияға қарсы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шара жоғары деңгейде сақталатынын айтты.

«Түркияға келген туристер COVID-19 сынағы, вакцина, карантин сияқты бақылаудың барлық түрінен өтеді. Вакцинасыз қажетті сынақтардан өтпеген адам, тіпті ұшатын жерінде де ұшаққа отыра алмайды және ұшып кете алмайды. Туристерге тестілеу жүргізбеу деген секілді жағдайлар болмайды», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер