USD
USD
USD

Түркия коронавирусқа қарсы шараларды қатаңдатты

Түркияда демалыс күндеріне арналған коменданттық сағат қайта енгізілді. Бұған елдегі эпидемологиялық жағдайдың ушығуы себеп.

Түркия коронавирусқа қарсы шараларды қатаңдатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы тәулікте 30 мыңнан астам кісі коронавирусқа шалдыққан. Бұл желтоқсан айынан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. Салдарынан 58 провинция қауіпті аймаққа кіріп, бір ай бұрын алынып тасталған сақтық шаралары қайта күшіне еніп отыр. Осы категорияға кірген қалалардың арасында Анкара, Анталия, Измир, Ыстамбұл мен Мұғла да бар. Бұдан бөлек, Рамазан айында топтасып сәресі мен ауызашар өткізуге тыйым салынды. Естеріңізге сала кетейік, Түркияда карантин шаралары 1 наурыздан бастап жеңілдетілген еді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған:

-Өлім-жітімнің артуы қолданыстағы сақтық шараларын қайта қарауға мәжбүр етті. Еліміздің 80% процент тұрғыны өмір сүретін 58 провинциясы қайта қауіпті аймаққа кірді. Бұл шаһарларда сенбі-жексенбі күндері коменданттық сағат енгізіледі. Сондай-ақ күнделікті кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейінгі коменданттық сағат ел көлемінде сақталады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті