Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты

Түркия кей елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушы тасымалын тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елшілік бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниясына қатысты екенін нақтылады. Шешім қабылданғаннан кейінгі соңғы рейстер 5 және 6 тамызда орындалды. 

Рейстерді қайта бастау туралы мәселе пандемияға байланысты қаралады.

«Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды», – делінген хабарламада. Елшілік өкілдері осы уақытқа дейін Түркиядан Қазақстанға екі рет медициналық көмек жеткізілгенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков 10 тамыздан бастап Түркияға туристік рейстерді қайта бастау жоспарлары туралы мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат