USD
USD
USD

Түркия босқындардан бас тартты

Түркия Сириядан босып қашқандардың жаңа ағынын қабылдамайды. Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Түркия босқындардан бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, егер Сирияның солтүстік-батысындағы зорлық-зомбылық басылмаса, мигранттар ағыны Еуропа елдеріне өтеді.

Айта кетейік, соңғы уақытта Идлибке талас күшейіп өңірде әуе соққысы мен шабуылдар көбейген. Салдарынан қауіпсіз жер іздеген тұрғындар Түркияға қоныс аударуда.

Бүгінде 80 мың адам Идлибтен Түркияға көшуді жоспарлап отыр екен. Түркиялық делегация Идлибтегі жағдайды талқылау үшін Мәскеуге баруды көздеп отыр.

"Идлибтегі қақтығыстан қашып, Түркияға жаңа мигранттар ағыны келіп жатыр. Жақын күндері өңірде атыс-шабыс тоқтамаса, босқындар саны еселене түсуі мүмкін. Олай болған жағдайда Түркия бұрынғыдай шекараны шегендеп, мигранттарды асырап отыра алмайды. Олардың діттеген жеріне жетуіне кедергі жасамаймыз. Ең бірінші Еуропа елдері зардап шегеді. Грецияға да босқындар ағыны барады. Ғаламдық мәселемен өзіміз ғана алысып шаршадық", – деді Түркия президенті.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park