USD
USD
USD

Түркия биткоин бағасын түсіріп жіберді

13 сәуірде биткоиннің бағасы рекордтық деңгейге жетіп, 62,7 мың долларға сатылды. Биткоин құны

Түркия биткоин бағасын түсіріп жіберді
Фото: NEGE.kz

қазір құлдырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Бұған Түркия билігінің тауарлар мен қызметтер төлемін жүргізу үшін криптовалютаны қолдануға тыйым салуы себеп болды. Соңғы дерек бойынша, бір биткоин бағасы 2,5%-ға төмендеп, 61,6 мың доллар болды. Түркияның орталық банкі 30 сәуірден бастап тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін криптовалютаны қолдануға тыйым салды. Реттеуші криптоактивтерде қатер көп екенін және оның ешқандай жолмен реттелмейтінін алға тартып отыр. Сонымен қатар банк криптовалютаның нарықтық құны тым құбылмалы және ол заңсыз қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін деген пікірде. 13 сәуірде биткоиннің бағасы рекордтық деңгейге жетіп, 62,7 мың долларға сатылды. Наурызда бірқатар сарапшы оның құны жыл соңына дейін 400 мың долларға дейін өседі деп болжаған еді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі